ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ЖОЛ АШҚАН ГАЗЕТТІҢ АЛҒАШҚЫ САНЫ қашан және қалай жарық көрді?
Общество   29.04.2022   1688
Көксу (бұрынғы Киров) аудандық «Еңбек туы» газетінде ұзақ жыл еңбек еткеннен кейін 1989 жылдың ақпан айында Текелі қалалық телерадио хабарын тарату редакциясы ашылуына байланысты қазақ тілі бөліміне редактор қызметіне ауысқан едім. Орыс тіліндегі хабарды әріптесім Татьяна Чеканова жүргізетін. Аптасына 15 минуттан үш рет эфирге шығатынбыз. Сол кездегі ақпарат бойынша кеншілер қаласында тұратын қырық мыңға жуық халықтың 15 пайыздайын ғана қандастарымыз құрайды екен. Оның ішінде, солардың жартысынан астамы ғана қазақ тілін меңгергендігі белгілі болды. Сол кезде тіптен, қазақ тілінде сұхбатты дұрыстап бере алатын мемлекеттік қызметкердің өздері саусақпен санап аларлықтай болған.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.